Русский Сайттың толық нұсқасы

Ангела Меркель Украина дағдарысын 6 наурызда Берлинде тағы бір талқылауға шақырды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 712

Германия канцлері Ангела Меркель «норманд төрттігі» мемлекеттерінің барлық дипломаттарын Украина шығысындағы жағдайды 6 наурызда Берлинде талқылауға шақырту жіберді. «Бұл шешім дүйсенбі түнде Франция, Украина, Ресей президенттері мен Германия канцлері арасында болған телефон әңгімесінің қорытындысы бойынша қабылданды», - деп хабарлайды Блумберг.

Сондай-ақ тараптар Донецк және Луганск облыстарындағы Минск келісімдерінің «оқ атпау» туралы талаптары бұзылған 10 қақтығыс ошағына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушыларын жіберу жөнінде келісім жасасты. Еуропалық миссияның күнделікті есептері «норманд төрттігі» елдерінің сыртқы саясат ведомстволарына жолданып тұрмақ.

Саясаткерлер Донбассқа халықаралық көмек көрсету жөнінде де келісті. Мәселен, БҰҰ, Еуропалық одақ, Дания және Ұлыбритания бас аяғы 40 млн доллардан асатын қаражат бөлуге дайындығын мәлімдеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ