Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық рейтинг агенттігі Ресей банктерінің көрсеткіштерін төмендетуде

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1330

«Moody's» халықаралық рейтинг агенттігі «Хоум кредит банкі» мен Ханты-Мансийскідегі «Открытие» банкінің рейтингін төмендетті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз мәлімдемесінде хабарланған.

Аталмыш жағдай өзге де несиелік мекемелерге кері әсерін тигізіп отыр. Мұндай қадамын агенттік Ресейдегі бизнестің жағдайының нашарлауымен түсіндіреді. Бұған дейін Moody`s бұл елдегі алты банк пен шетелдік несиелік ұйымдардың рейтингін төмендеткен еді.

Сонымен қатар, «Газпром», «Газпромнефть», «Роснефть» және «Лукойлдың» көрсеткіштері де түсіп кетті.

Айгүл ӘДІПБАЙ