Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Германия үкіметі кеңестік тұтқындардың есімдерін жариялады

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1305

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Германия үкіметі кеңестік тұтқындардың есімдерін жариялады. Тізім 13 миллион адамнан түзілген. Олардың арасынан хабар-ошарсыз кеткен 183 мың шығыс қазақстандық боздақтың он екісі табылды.

Артында қалған ұрпақтары араға 70 салып, батыр аталарының тұтқындалған күні, қапаста отырған лагері мен жерленуі жөнінде мәлімет алды. Соның бірі Борис Щербаков. Оның әкесі, 1941 жылы, 19 жасында Семей өңірінен майданға аттанған.

Борис Щербаков, Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен жауынгердің ұлы:

Бір жастан асқан кезімде, әкемнің кеудесінде еңбектеп жүрген фотосурет бар. Әкемнен қалған бар естелік осы. Оны Семейден майданға әкетті, сол кезде қоштасуға келгенде түсірілген сурет болу керек. Соңғы хатын Ленинград түбінен жазды. Іздеп, хабарласпаған жеріміз жоқ. Барлық жерден «хабарсыз кетті» деген жауап алдық.

Немістің «Шталаг» лагерінен жеткен құпия деректе, цирк әртісі Василий Щербаковтың 1942 жылдың 21 мамырында Семейден қайтқаны туралы анықтама бар. Хабарсыз кеткендерді іздестіруге жергілікті ардагерлер кеңесі атсалысуда.

Тізімдегі қазақ азаматтарының есімдері қате жазылғаны қиындық тудырып отырған көрінеді. Бүгінде Шығыс Қазақстандық 12 азаматтан бөлек, өзге де қазақстандықтардың тағдырын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ