Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының мектептерінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы деректі фильм көрсетілімі басталды

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 2429

Қызылорда мектептерінде «Жеңіс  солдаты» атты деректі фильмнің көрсетілімі басталды. Үш циклдан тұратын фильмді жергілікті журналистер түсірген. Бүгін қала мектептеріннің бірінде өткен танытымға фильмнің бас кейіпкерлері - ардагерлер де шақырылды.

Тарихи деректерге сенсек, Отан қорғауға Қызылорда облысынан жүз елу мыңға жуық майдангер аттанды. Оның үш жүзі сол қан майданда қаза тапты. Қазір өңірде 92 қарт майдангер қалған. Қариялардың айтуынша, сол майданнан оралмаған миллиондаған солдаттардын ерлігін кейінгі ұрпақ еш ұмытпауы керек.

Сталинннің сөйлеген сөзінен кейін, бүкіл Қызылорда көтеріліп, осы күнгі Амангелді кинотеатырының маңайына он жеті мың адам алаңға жиналған болатын. Жас балалар барлығы да көтеріліп, арқайсысы «соғысқа аттанамыз», «соғысқа барамыз», «Гитлерді, фашистті жеңеміз» деген ұрандар тастап, топтар құрған болатын.

Жеңістің 70-жылдығына орай ардагерлер туралы кітап та жарыққа шығады. Мектеп оқушылары болса, құрметті қонақтарына арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қоса, әр мектеп ардагерлерді өз қамқорлығына алған.

Аслан Әлімхан, Қызылорда қаласы, № 264 мектеп лицейінің 11- сынып оқушысы:

Бұл дүниежүзіндегі тыныштықтың, жеңістің мейрамы. Осы аталарымыздың арқасында тату-тәтті, ашық аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Соларға алғысымызды білдіргіміз келеді. Осы қарт кісілеріміз азайып бара жатыр. Соларға қолдау, көмек көрсетіп, әрқашанда демеп, сыйлап, құрметтеп жүре берейік.

Шәрипа САҚТАПОВА