Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас өспірімдердің қызылшаға қарсы екпеден кейін жаппай науқастанып қалуына қатысты ДСМ-нің түсінігі

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1510

Қазақстандық жас өспірімдердің қызылшаға қарсы екпеден кейін жаппай науқастанып қалуы олардың азғасындағы ерекшеліктеріне байланысты. Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры Гүлнәр Құлқаева осындай мәлімдеме жасады.

Гүлнәр Құлқаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры:

Біздің ойымызша, балалардың екпеден кейін науқастанып қалуының себебібір - олардың ағзасы осындай реакция берген. Бастапқыда Теміртауда болған жағдайдан кейін мұны айтқанбыз, қазір де сол пікірдеміз. Тіркелген оқиғалардың 30 пайызында баланың ауырып қалуы ағзадағы ерекшелігіне байланысты екені дәлелденді. Қалған фактілер бойынша, зерттеулер жалғасып жатыр.

Дәрігерлер соңғы жылдары ата-аналардың арасында балаларына екпе жасатудан бас тарту фактілері жиілеп кеткенін айтады. 2013-ші жылы екі мыңға жуық балаға осындай себептермен екпе жасалмаған.

Ал 2014-ші жылы мұндайлардың қатары үш мыңнан асты.

А. Қалиахметов