Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін алдағы электоралды
науқанға орай Орталық сайлау комиссиясының кезекті екі мүшесін сайлады. Марат
Сәрсембаев пен Владимир Фоостың кандидатураларын депутаттар бір ауыздан
қолдады. Екеуінің жоғары деңгейде сайлау өткізу тәжірибелері жетерлік.
Владимир
Фоос сайлау комиссиясында 2003 жылдан бері, ал Марат Сәрсембаев - 2007 жылдан
тұрақты мүше. Бұған дейін комиссияның төрағасы болып Қуандық Тұрғанқұлов қайта
сайланғаны мәлім. Ол бұл қызметті 2007 жылдан бері атқарып келеді. Сондай-ақ,
комиссияға Татьяна Охлопкова мен Ләззат Сүлеймен мүше. Ал Бахыт Мелдешов - комиссия хатшысы.
Азамат АЛДОҢҒАРОВА