Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚКХП атынан президенттік сайлауға Тұрғын Сыздықов қатысады

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2015
  • 1755

Қазақстан коммунистік халық партиясы кезектен тыс президенттік сайлауға өз кандидатын ұсынды. Ол - Тұрғын Сыздықов. Бұл туралы партия съезі барысында коммунистер партиясының орталық комитеті хатшысы Владислав Косарев мәлімдеді.

Тұрғын Сыздықов 1974 жылы Мәскеудегі Жоғары комсомол мектебін бітірген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының түлегі. «Ол Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. Соңғы кездері облыстық мәслихаттың бөлім меңгерушісі болды», - деп Косарев кандидатты таныстырды.

Айта кетейік, коммунистер өңірлік филиалдардан тағы екі кандидатураны ұсынған. Алайда үміткерлер сайлауға түсуден бас тартқан. Съезге қатысушылар Тұрғын Сыздықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.  

Тұрғын Сыздықов, ҚКХП атынан ҚР Президенті сайлауына үміткер:

Осы маған сапарыма оң батасын берген партияның орталық комитет мүшелеріне үлкен-үлкен рахмет айтамын. Ойлаймын, біздің партия қандай жас болса да, қандай қиыншылықтарда дамып келе жатқанын білдірсе де, біз биыл халықтың үлкен сеніміне ие боламыз, деп ойлаймын.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына үміткерлерді ұсыну науқаны 26 ақпанда басталды. Орталық сайлау комиссиясы ақпарынша, бүгінде сайлауға өзін ұсынушы бес талапкер тіркелген. Оның біреуі - әйел.

Жұрағат БАМАН