Ақтөбеде
жол-патрульдік полиция қызметкері табельдік атыс қаруынан жарақат алып, қаза
тапты. Оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-дер шамасында полиция
бөлімі ғимаратында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы
Ардагер Уайдин: "Оқиғаның қалай болғанын тергеу шаралары анықтайды",-
дейді. Сондай-ақ қызметтік тексеріс тағайындалғанын жеткізді.
Әзірге белгілісі, оқыс оқиға полиция бөлімінің қару-жарақ қабылдау бөлмесінде болған. Кеудесінен
жарақаттанған тәртіп сақшысы облыстық медициналық жедел жәрдем аурханасына
жеткізілген. Алайда бір сағаттан соң көз жұмған.
Ардагер
Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Орын
алған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған қызметкер 2008 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Арнайы шені - полиция
аға лейтенанты, 34 жаста.
Мансұр ЕСХОЖИН