Русский Сайттың толық нұсқасы

Би-Би-Си: «Царнаевтың қорғаушысы сот отырысында айыпталушының өз кінәсін мойындайтынын айтты»

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 766

АҚШ та Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды. Онда Царнаевтың қорғаушысы айыпталушының өз кінәсін мойындайтынын айтты,- деп хабарлады Би-Би-Си. Адвокат кіші Царнаевты ағасы Тамерланның ықпалына түсті деп ақтап алғысы келген.

Батыс ақпарат құралдары 21 жастағы Царнаевты сот өлім жазасына кесуі мүмкін деп жазған болатын. Оған 30 шақты дерек бойынша айып тағылды. Арасында «көпшілік орында жарылғыш зат орнатуға сөз байласу, адамдардың өліміне алып келген лаңкестік әрекет ұйымдастыру, қаруды заңсыз сақтау және қолдану» деректері бар.

Еске салайық, осыдан екі жыл бұрын сәуірде Бостон марафоны кезінде бірінен соң бірі екі жарылыс орын алды. Салдарынан 3 адам көз жұмып, тағы 260-тан астамы ауыр жараланды. АҚШ Құқық қорғау органдары лаңкестік әрекетті ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтар ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Бостондағы жарылыс үшін қазақстандық қос студент Азамат Тәжияқов пен Дияс Қадырбаев та сотқа тартылды. Оларға Царнаев ісіне байланысты айғақтарды жасырды деген айып тағылған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ