Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұдан былай тауар мен қызмет түрлерін доллармен көрсетуге байланысты тыйым қатаң бақыланады

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 1024

Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың игерілуін қадағалауға қоғамдық ұйымдар тартылсын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев осындай ұсыныс жасады. Ол қаржылық органдар ақша жаратылған соң ғана тексеруге кірісетінін қынжыла айтты.

Омархан Өксікбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Жасалатын бақылау постфактум. Ағымдағы бақылауды енгізу қажет. Бұл жұмысты атқаруға қоғамдық ұйымдарды да тарту керек. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының да әр өңірде филиалы барын ұмытпаған жөн.

Ал, депутат Серік Оспанов дағдарысқа қарсы шаралар аясында, тауар мен қызмет түрлерін шартты бірлікпен көрсетуге байланысты тыйым қатаң бақыланатынын ескертті.

Серік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Осындай қадамға ұлттық валютаны нығайту үшін барып отырмыз. Бұдан былай Қазақстанда тауар мен қызмет бағаларын «шартты бірлік» бойынша көрсетуге салынған тыйым қатаң түрде бақыланбақ. Бұл үшін заңда қажетті нормалар қарастырылған.

Ләззат ҚАЗИАҚПАРОВА