Русский Сайттың толық нұсқасы

Франция соты Әбілязовты экстрадициялау шешімін өзгеріссіз қалдырды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 963

Францияның Кассациялық соты Мұхтар Әбілязовты экстрадициялау жөніндегі үкімді күшінде қалдырды. Сот Әбілязовты Ресейге тапсыруды құп көрген. Алайда, бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді премьер-министр қабылдайды.

Бұл туралы France-Presse агенттігі жазды. Айта кетейік, Мұхтар Әбілязовты Ресейге экстрадициялау жөніндегі бұған дейін қабылданған шешім кеше Францияның кассациялық сотында қаралды. Аталған процесс бірнеше рет кейінге шегерілген еді, яғни қашқын банкирді экстрадициялау күні белгіленбей келген.

Әбілязовтың өзі Францияда қамауда отыр. Еске салсақ, Лион қаласының аппелляциялық соты өткен күзде қазақстандық банкирді Ресейге тапсыру жөніндегі өтінішті қанағаттандырды. Алайда, Әбілязовтың қорғаушылары Кассациялық сотқа шағым түсіріп, бұл шешімнің қайта қаралуын талап етті.

Қазақстандық БТА-Банктің бұрынғы басшысы ірі қаржылық құйтырқылықтар үшін айыпталғаны мәлім.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ