Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина президенті 5 наурызды аза тұту күні деп жариялады

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2015
  • 1074

Украина президенті Петр Порошенко кеншілердің қаза табуына байланысты 5-ші наурызды қаралы күн деп жариялады. Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай ертең елдегі барлық мемлекеттік тулар төмен түсірілмек.

Айта өтейік, қайғылы жағдай Донецкідегі Засядько кенішінде орын алды. Жарылыстың салдарынан 33 адам опат болды деген ақпарат бар.  Алайда, өзін дербес мемлекет ретінде жариялаған Донецк Халықтық Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 23 кеншінің мүрдесі табылғандығын жеткізуде.

Қалған 10 адамның тағдыры белгісіз деп отыр. «Риа Новости» ақпарат агенттігің хабарлауынша, жарылыс сәрсенбіде, таңғы 5 шамасында болды. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа ауаға метанның атқылауы себеп болды. Жарылыс кезінде кеніште 230 адам болды. Айта өтейік, 2007 жылдан бері дәл осы кеніштегі жарылыстардан 331 адам мерт болған.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА