Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңге тапшылығын сезбес үшін коммерциялық банктерге 140 млрд теңге қажет

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2016
  • 1459

Алдағы уақытта еліміздегі коммерциялық банктер теңге тапшылығын сезінбеуі үшін, қосымша 140 млрд қаражат қажет. Ұлттық банк төрағасы мұндай болжаммен Шымкентте өткен брифингте бөлісті.

Сондай-ақ Ақышев күні кеше күшіне енген жаңа базалық мөлшерлемеге тоқталды. Айтуынша, Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді кез келген көлемде теңгемен қамтамасыз етуге әзір. Ол бір күндік және 7 күндік мерзімдерді қамтиды. Бұл валюта нарығында тұрақтылықты сақтайды және қаңтар айының басында белең алған теңге тапшылығын жояды деп отыр. 5 қаңтардан бастап Ұлттық банктің нарықтағы үлесі жартысынан асып түсті. Банктердің Ұлттық банк алындағы берешегі 8 пайыз, кейбірінде 20 пайызға дейін жеткен. Ал базалық мөлшерлеме деңгейі наурыз айында қайта өзгеруі мүмкін.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Ұлттық банк банктерге кез-келген көлемде теңгені 17 пайыз плюс-минус екі теңге мөлшерінде беруге дайын. Ұлтық банктің базалық мөлшерлеме деңгейі жайында келесі шешімі 14 наурызда жария болады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ