Елбасы G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының
депутаты Серік Нөгербековті қабылдады. Кездесуге сонымен қатар Президенттің
көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты. Сенатор G-Global жобасын ілгерілету жұмысының
барысы туралы баяндап, оны әрі қарай жүзеге асыру доктринасын таныстырды.
Нөгербеков сондай-ақ интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан
G-Global жобасы еліміздің негізгі жобаларын алға бастыруға септігін тигізіп
отырғанын айтты. Президент G-Global коммуникативтік алаңын ілгерілету
қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды.
«Көтерілген мәселелердің
Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сәйкестігін қарастыра
отырып, оны нақты мамандандыру мәселесін пысықтауды тапсырды», - деп Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ