Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Жоламановқа қатысты сот үкімі оқылады

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2015
  • 1080

Бүгін ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Жоламановқа сот үкім шығарады. Осылайша, жемқорлыққа қатысты тағы бір атышулы қылмыстық іске нүкте қойылатын уақыт жақындап қалды. Нұрлан Жоламанов өткен жұмада сот алдындағы соңғы сөзін айтқан болатын.

Онда ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы өзіне жала жабылғанын, әрі кінәсіз екенін қайталаған. Бір айдан астам уақытқа созылған сот отырыстары барысында бірнеше куәгерлер мен қорғаушылар түгел тыңдалды.

Еске салсақ, шекара қызметінің қос шендісі Жоламанов пен Балмағамбетов аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды
, - деген күдікке ілінді. Сотта Жоламанов өз кінәсін жоққа шығарғанымен, Алматыдағы № 24/58 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетов кінәсін толық мойындады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА