Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ислам мемлекеті» ұйымының экстремистері алаяқтық жолмен зейнеткерлерді тонап отырған

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2015
  • 1177

«Ислам мемлекеті» ұйымының экстремистері алаяқтық жолмен британдық зейнеткерлердің банктегі есеп шоттарын тонаған. Бұл туралы «The Independent» хабарлайды. Алаяқтар зейнеткерлердің үйіне қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, есеп шот нөмірін айтуды сұраған.

Келіспеген жағдайда есеп шот жабылып қалуы мүмкін деп қорқытқан. Кейін шоттағы қаржыны басқа шотқа аудару керектігін айтып, айласын асырады. Осылайша бір зейнеткер 220 мың долларынан айырылған.

Істі тергеу барысында үш күдікті ұсталды. Ал британдық банктер экстремистерге көмектесіп жатыр деген айыптаудан қашып, Сирия секілді елдерге жәрдемдесетін қайырымдылық ұйымдардың шоттарын жабуда.

Нәтижесінде бір қайырымдылық қоры 3 миллион көмек қаржыдан қағылған. Ақпарат құралдарының дерегінше,
«Ислам мемлекеті» ұйымы әлемдегі ең ауқатты террористік топ болып саналады. Ирактағы мұнай кеніштерін басып алған лаңкестерде миллиардтаған доллар қаржы қоры бар деседі.

Жұрағат БАМАН