Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс
президент сайлауына қатысу жайында екі ойда екендігін ашық айтты. Бүгін ол Ақордада дәстүрлі «Күн
шуағы»
атты
еліміздің танымал әйелдерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында Нұрсұлтан
Назарбаев сайлау өткізу жайындағы бастаманы негізінен әйелдер қауымы қолдағанын
атап өтті. Осы орайда халықтан өзін қолдап,
кандидатурасын ұсыну жайында мыңдаған
өтініш хаттардың келіп жатқанын айтты.
«Менің жеке жоспарым өзге еді, - деді Елбасы. Мен Қазақстанды тәуелсіздік алғалы бері басқарып келемін. Мүмкін
театрдағыдай декорация өзгертер кез келген шығар? Дегенмен халық бірауыздан қолдайтындарын
жеткізіп жатыр. Не істеу керектігін Сіздермен ақылдасайын»,-деді президент.
Еске салайық, кезектен тыс президент сайлауы
26 сәуірге белгіленген.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА