Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауы кезінде ақпарат таратуда этикалық нормаларды сақтау туралы Хартия қабылданды

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2015
  • 1406

Бүгін «Бас редакторлар» клубы Президент сайлауы кезінде ақпарат құраладарының этикалық нормаларды сақтау туралы Хартиясын қабылдады. Клуб мүшелері 26 сәуірде өтетін президенттің кезектен тыс сайлау науқаны демократиялық тұрғыда, халықаралық талаптарға сай, әділ де ашық өтуіне ақпарат құралдары бірі кісідей жұмылуы керектігіне тоқталды.

Құжат Ата заңға негізделіп жасалған. Және сайлау тақырыбына арналған барлық материалдардың объективтілігі алалаусыз, үміткерлерге қатысты әділ болуына ықпал етеді. Үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіретін ақпараттарды таратпату секілді бағыттар қаралған. Қысқасы сайлау науқанында ақпарат тарату талаптары толық қамтылған. Құжатты қазір 10 шақты ірі телеарана мен баслымыдар мақұлдап отыр. 

Бибігүл Жексенбай, «Бас редакторлар» клубының президенті:

Хартияның мақсаты - сайлау барысында әріптестеріміздің әртүрлі теріс ақпараттарды тартапау, қара пиарға жол бермеу, сауатты да халықаралық демократиялық талаптарға сай жұмыс істеуге шақыру және журналистикалық этканы сақтау. Хартияның мазмұны барлық бұқаралақы ақпарат құралдарына таратылып жатыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ