Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда облыс әкімінің бұрынғы кеңесшісі Т.Бәстеновке қатысты сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 1034

Павлодарда, облыстың бұрынғы әкімінің кеңесшісі болған Төлеген Бәстеновке қатысты сот отырысы басталды. Оған «қызметін пайдаланып, алаяқтыққа барды» деген айып тағылып отыр.

Экс-шенеунікпен бірге тағы 4 адам заң алдында жауап бермек. Олардың арасында Павлодар облысы әкімінің экс-орынбасары Арслан Әбдіқалықов бар. Ол да пара алу үшін арандатушылық әрекет жасау бабы бойынша күдікке ілінген. Тағы үш азамат Семейдің кәсіпкерлері.

Тергеу деректеріне сәйкес, олар делдалдық жасаған. Павлодарда мектеп салу үшін өткізілген тендерде Төлеген Бәстенов кәсіпкерлердің жолын ашып бермек болса керек. Күдіктілердің бірі 8 миллион 700 мыңды беріп жатқанда, ал енді бірі осы қаражатты алып жатқан кезде әшкере болған.

Еске салайық, Павлодар облысы әкімінің экс-кеңесшісі Төлеген Бәстенов 2013- жылдың желтоқсанында аса ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын.

Әсем МҰХИТОВА