Русский Сайттың толық нұсқасы

P&G Қытай Халық Республикасына тіс пастасының жарнамасы үшін рекордтық айыппұл төлейді

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 1468

Қытай, «Procter & Gamble» компаниясына рекордтық айыппұл салды. Енді белді компания 1 миллион АҚШ долларын жалған жарнама үшін төлеуі тиіс. «Мұндай көлемді айыппұл Қытай Халық Республикасы тарихында болмаған», -деп жазады «MarketWatch».

Компания тіс пастасын жарнамасында,
«бірінші қолданғаннан-ақ тісті ақ маржандай ағартады»,- деп сендірген. Бейнероликте нәтижені көрсету үшін арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, өңдеген.

Белгілі болғандай, атағы жер жаратын компанияның бұл елдегі бөлімшесі, аталған тіс пастасының жарнамасын, өткен жылдың ортасынан бастап теледидардан көрсету тоқтатылғанын ресми парақшаларында хабарлаған.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ