Русский Сайттың толық нұсқасы

Исламшылдар өздерінің жеке сайтын ашты

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 1478

«Ислам мемлекеті» жақтастары өз алдына әлеуметтік желі ашты,-деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі. Террорлық топтың мұндай қадамға баруына, өзге желілердегі жеке парақшаларының бұғатталуы себеп болыпты.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «исламшылдардың» ашылған сайты бір күннен кейін желіден жоғалып кеткен. Сондықтан әзірге, кімнің ашқаны, қанша адам тіркелгендігі туралы ақпарат жоқ.

Белгілісі сайт әлемнің 7 тіліне аударылған. Бастапқы бетінде «қолданушылар құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін уақытша жұмыс істемейді»,-делінген. Ислам мемлекеті жақтастары негізінен әлеуметтік желілерді жаңа шабуылдар мен ақпарат алмасу мақсатында пайдаланады.

Сондай-ақ, тұтқынға түскендерді жазалу сәті түсірілген бейнелерін де ғаламторға салу үшін желілерге жүгінеді. Айта кетейік, «Ислам мемлекеті» - Сирия мен Ирактың жарты аумағын жаулап алған ең бай террорлық ұйым.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ