Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда көктайғақтың кесірінен ондаған адам аяқ-қолын сындырды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 1106

Орал қаласында күн күрт жылынып, көшелер көк тайғақ мұзға айналды. Абайсызда тайып құлап, қол-аяғын сындырып алған адамдар саны бір күннің ішінде отыздан асқан. Әзірге бес адам ауруханаға жатқызылды.

Дегенмен, жарақат алғандар азаяр емес. Дәрігерлерді де алаңдатып отырғаны осы. Олар тұрғындарға ыңғайлы аяқ киім киюге кеңес беруде. Көшелер мен жол бойында еріген қар суы сорылып, ғимараттардың төбесіне қатқан мұздақтар құлап жатыр.

Ауа райын болжаушылар, алдағы аптада күн біртіндеп жылына бастайтынын айтты.

Флюра Саматова, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Егде жастағы адамдарға айтатынымыз - мұндай жағдайларда жалғыз шықпай, үлкен адамдар сүйемелдеумен шыққан дұрыс. Өйткені, мұндай жаста сүйек сынса, ол өте ұзақ жазылады. Сонымен қатар, біздің қыздарымыз биік өкшелі, биік тақаларды кигенді жақсы көреді. Мұндайда сәнге емес, денсаулыққа назар аударған жөн болатын шығар...

Еркін КАРИН