Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерін қабылдап, кеңес өткізді

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 956

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін және облыс басшыларын қабылдады. Басқосу барысында өңірлерді дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, биылғы жылыту маусымын үзіліссіз аяқтау мен көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пысықталды.

Сондай-ақ бюджет қаражатын басқару, жергілікті жерлердегі баға мен тарифке мониторинг жасау жайы қаралды. Кеңесті қорытындылаған Мемлекет басшысы өңірлерді әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырма берді.

Жұрағат БАМАН