Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәулен Әшімбаев: ЕАЭО аясында ортақ валюта мәселесін талқылау одақтың болашағына кері әсер етуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2015
  • 1360

Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу туралы бастаманың болашағы жоқ. Мұндай пікірді бүгін Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев білдірді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы бұл тақырыптың парламент қабырғасында талқыланбағанын айтады. Депутат, экономикалық одақтың ортақ валютадан бөлек шешімін талап ететін мәселелері жетерлік, дейді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Ресейде болған девальвацияға байланысты, олардың тауарларының біздің нарықтағы арзандығына байланысты, біздің тауарлардың бәсекелестігіне әсер ететін факторлар бар. Қазіргі заманда осыны талқылау керек, осыны шешу керек. Сондықтан қазіргі уақытта ортақ бір валютаны талқылау ешқандай перспективасы жоқ деп түсінемін өзім. Сондықтан тағы да айтатын мәселе, бұл сұрақ парламентте талқыланып жатқан жоқ, ешқандай бізде ақпарат жоқ. Біздің ойымыз сауда-саттықтың өзекте мәселелерін шешуіміз керек, бұл негізгі мақсат қазір.

Айта кетейік, жуырда ақпарат құралдары Ресей президенті Владимир Путиннің үкімет пен Ресей орталық банкіне Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде валюталық одақ құру мәселесін бірлесе талқылап, ақша интеграциясы жөнінде 2015 жылдың қыркүйегіне дейін нақты ұсыныстар әзірлеу жөнінде тапсырма бергенін жазды. Алайда, одақтың тағы бір мүшесі – Қазақстан - бұл мәселені күн тәртібіне шығарған жоқ.  

Азамат АЛДОҢҒАРОВ