Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформа

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 1536

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының 16-шы съезінде Қазақстанның алдағы жоспарын айқындап берді. Олардың бірі бес институционалдық реформа. Алқалы жиында Президент алдымен, бүгінде қалыптасқан ахуалға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді атады.

«Біріншіден, мемлекеттік құрылысқа сыртқы ықпалдардың теріс әсер етуіне жол бермеу керек. Екіншіден, даму қарқынын сақтау қажет. Үшіншіден, әрі қарай өсуге қажетті жағдай жасау. Төртіншіден, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгерілеуді жалғастыру қажет», - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, жаһандық сын-қатерлерге өзгеше және қуатты тойтарыс беру керектігін атап өтті. Осы бағытта бес институционалдық реформа ұсынды.
Олар - заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру;

Заң үстемдігін қамтамасыз ету; индустриаландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; сондай-ақ, транспарентті және есеп беретін мемлекет.

Осы аталған бағыттарды негізгі ала отырып, Қазақстан бір орнында тұралап қалмай қарыштап дамуын жалғастыра беруі қажет екенін баса айтты.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА