Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке үміткерлер саны тағы бір адаммен толықты

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 1407

Президент болудан үміткерлер саны тағы бір адаммен толықты. Қанат Тұрагелдиев лингвистикалық комиссияның сынағынан сүрінбей өтті. Оған тіл мамандары қазақ тілінде сайрап тұр деген баға берді.

Үміткер «Отты жылдар тағылымы» тақырыбында шығарма жазу барысында 7 қате жіберген. Оның екеуі - емледен, төртеуі - тыныс белгісінен және бір стильдік қате. Комиссия жұмысты «жақсы» бағалады.

Үміткер «тақырыпты ашты» деген тоқтамға келді. Екінші сұрақ бойынша үміткер Фариза Оңғарсынованың өлеңін оқыды. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, өлең оқығанда үміткер толқып, көзіне жас алған.

Үшінші сында «Халық тарихы және рухани жәдігерлер» тақырыбында көркем сөз сөйлеген. Бірақ бұл жерде жауабы сәл үстірт болған сыңайлы.

Мырзатай Жолдасбеков, ҚР ОСК жанындағы лингвистикалық  комиссия төрағасы:

Шынтуайтына келгенде Төрегелдиев Қанат Сыбашұлы қазақ  тілінде сайрап тұр. Қолма-қол өлең жазады, қазақ тілінде шығарманың өзін  өлеңмен бастапты. Комиссия мүшелері кең талқылап, әлгіндей қателері болғанымен, ой жүйесінде үстірттік орын алғанымен Қанат Төрегелдиев қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытынды шығарды.

Айта кетерлігі, Қанат Тұрагелдиев жұмыссыз. Алматы облысында туған. Президент сайлауына осымен екінші рет түсіп отыр. Оның сайлау алды бағдарламасы да дайын. Айта кетерлігі, Тұрагелдиев мемлекеттік тіл сынағынан сүрінбей өткен төртінші үміткер.

Қанат Тұрагелдиев, ҚР президентігіне үміткер:

Ол кісілердің айтқаны маған ойыңды нақтылап айт. Мен енді ел басқарып жүрген жоқпын, бірақ елге ақыл айтып жүрмін. Сондай уақытқа кеп қалдық кішкене ақырындап. Мына жерге президенттікке келгенде оның да мақсаты бар. Ертең келіп осы жерден әртіс құсап түсіп кету емес.

Айгүл ӘДЕПБАЙ