2020 жылға дейін құрылыс
сапасын тексеріп алатын мемлекеттік сараптаманың 90 пайызы жекеге беріледі. Тек
технологиялық күрделі құрылыс нысандарына ғана мемлекеттік сараптама жасалмақ.
Бұл жөнінде Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын
басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.
Жыл басынан сараптама
қызметінің 50% жеке нарыққа өтті. Енді бәскелі ортаға жыл сайын 10%-дан өтеді.
Сараптама қызметін көрсететін 19 жеке ұйым тіркеліп үлгерген. Комитет басшысының
айтуынша, бұл реформа «100 нақты қадамның» 47-ші қадамына сай қолға алынған.
Осылайша құрылыс саласының жұмысы оң жолға қойылып, рәсімдеуге кететін уақыт
үнемделеді, дейді Мархабат Жайымбетов.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы:
Бизнес-ортаны түбегейлі
жақсарту мақсатында, технологиялық күрделі ғимараттар мен құрылыстардан өзге
барлық мемлекеттік сараптама қызметі жеке нарыққа беріледі. Бұған дейін жеке компаниялар экспертизалық
жұмыстардың 20 пайызымен айналысатын.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА