Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өгей әкесі балтамен ұрған 11 жастағы қыз аман қалды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2015
  • 1349

Ақтөбеде қатігез әкенің соққысынан аман қалған 11 жасар қыз бала бүгін жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Қазір ол өздігінен демалуда. Естіген адамның жағасын ұстатқан жауыздық  9 наурызда болды. Өгей әкесі кішкене қызының басынан балтамен бірнеше рет ұрған.

Ауыр соққы алған баланы жедел жәрдем мен полиция өкілі ауруханаға жедел жеткізеді. Дәрігерлер бірден ота жасаған. Үш күн бойы арнайы аппараттың көмегімен демалып жатқан бүлдіршіннің бүгін ғана беті бері қарады. Бірақ оның жағдайын емдеуші дәрігер «әлі де ауыр» деп бағалап отыр. Айтуынша, бала басынан 5 бірдей қатты соққы алған, саусағы сынған. Облыстық ішкі істер департаменті қатыгез  әкені уақытша тергеу абақтысына қамап, қылмыстық іс қозғады.

Самат Көкшебаев, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері:

Бас сүйегі 5 жерден сынған. Сол себептен балаға жедел түрде оперативтік ем жүргізілді. Қазіргі жағдайы баланың ауыр. Реанимация бөлімінде жатыр.

Мансұр ЕСҚОЖИН