Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы мінез танытып тұр

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2015
  • 1107

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн райы бұзылып, жолдар жабылды. Солтүстікте қар борап, көктайғақ болса, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады, - деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.

Олардың болжамдарына сай, Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Ал еліміздің батыс аумағында жел күшейіп, Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл көтерілмек. Күн райының нашарлауына байланысты Астана қаласында, Қарағанды және Павлодар облыстарында жол қозғалысы жабылды.

Астана - Қарағанды, Астана - Павлодар, Астана - Қостанай бағыттарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында «Қалқаман-Баянауыл-Ботақара», «Алматы-Екатеринбург» бағыттары, Павлодар облысында «Ульяновский-Керней-Баянауыл-Майқайың- Қалқаман» тас жолында да,
«Астана - Ерейментау – Шідерті» автожолында жолдар жабылған.

Мөлдір ДЮСЕКИНА