Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда былтыр терроризм мен сапаратизмге қатысы бар 712 адам сотталған

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2015
  • 850

Қытайда былтыр терроризм мен сепаратизмге қатысты 712 адам сотталған. Бұл жайында Жоғарғы халықтық Соттың төрағасы Чжоу Цян жалпы Қытай халықтары төрағаларының 3-ші сессиясында айтты.

Оның сөзінше, бұл көрсеткіш 2013-ші жылмен салыстырғанда
, 13 пайызға артқан. Осыған байланысты, Чжоу Цян терроризм мен сепаратизмге қарсы күрес Қытайда күшейетінін ескертті.

Сонымен қатар, сот төрағасы: «Мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлттың бірлігі және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау да басты назарда болады»
,-дейді. Ал, қазір Қытай жерінде Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы ең мазасыз аумақ болып тұр.

Өйткені, жергілікті тұрғындарының басым бөлігін ұйғыр мұсылмандары құрайтындықтан, діни қауіптілік бар екенін айтты.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ