Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асып
кетті. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай
отырып, Reuters хабарлады. Өткен сенбіде Гвинеяда Эбола
безгегінің вирусына қарсы екпені сынаудың соңғы клиникалық кезеңі басталды.
Вакцинаны Канада ғалымдары жасаған. Эболаға қарсы тағы бір препараттың сынағы
осы дәрімен қатар жүргізіледі. Індеттен
ең көп зардап шеккендер Либерияда тіркелді. Мұнда 4 мыңнан аса адам көз жұмды.
Сьерра-Леонда 3 жарым мыңдай адам өлді. Ал, Гвинеяда вирусты жұқтырғандар 2 мыңға жуықтаған. Сондай-ақ, Мали, Нигерия және
АҚШ-та да Эболадан қайтыс болғандар тіркелді.
Т. АМАНАЛИЕВА