Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина бойынша Минск келісімін бұзған жағдайда Ресейді жаңа санкциялар күтіп тұр

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2015
  • 778

Бұл туралы Ақүйдің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде жазылған. Мәселе АҚШ прездентінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс пен Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штанмайердің кездесуінде көтерілген.

Ортақ мәлімдемеде «Минск келІсімін бұзғызып, ресейшіл сепартистер жаңа аймақтараға ауыз сала бастаса, Ресейдің жауапкершілігі арта түседі»,- делінген. Еске салайық, Еуроодақ, АҚШ және батыстың басқа да елдері Ресей Қырымды қосып алғалы бері экономикалық санкциялар сала бастады.

Былтырдан бері түрлі шектеулердің саны артпаса кеміген жоқ. Күні бұрын  Еуроодақ төрағасы Дональд Туск Барак Обамамен кездесуде санкциялар өз күшінде қалатынын мәлімдеді. Ал АҚШ-тың Қаржы министрлігі санкцияға іліккен ресейлік және украианалық азаматтардың тізімін кеңейтті.

Мөлдір ДЮСЕКИНА