«Ауыл» партиясы президент
сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуын қолдайды. Бүгін партия кезектен тыс
9-съезін өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе - алдағы президенттік сайлау. Партия төрағасы Ғани Қалиев елдегі оңтайлы саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың қалыптасуы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасы
деді.
Съезге қатысқан 120-дан астам делегат төрағамен толық келісті.
Ғани Қалиев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
«Нұр
Отан»
партиясы президент сайлауына кімнің қатысатынын
айқындады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Біздің партия атынан да сайлауға қатысатын
үміткерлер бар. Дегенмен елді осындай қысылтаяң сәтте, салиқалы саясатымен
ілгері алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлының сайлауға түскенін қалаймыз.
«Қазақстанның патриоттар партиясы» да Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылғанын қолдайды. Партияның кезектен тыс ХIII
съезiнде патриоттар осыны мәлімдеді. Төраға Ғани Қасымов елбасының стратегиялық «Нұрлы
жол»
бағдарламасы ел дамуының, әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына енудiң бiрден бiр
жолы,- дейді.
Айтуынша, сайлау елдiң болашақ дамуы үшiн маңызды сәтте өткелі
отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА