«Ардагер - аталар, іздеуші -
немерелер». Павлодарда осындай атаумен бірегей мұражайдың жұмысы қайта
жанданды. Михаил Катаев атындағы оқушылар сарайында ашылған мұражайға Ұлы Отан
соғысы жайлы сыр шертетін 400-ге жуық іздестіру-дерегі мен 1000-нан астам
жәдігер қойылған. Келушілер ардагер аталарының жеке заттарын тамашалады.
Әсіресе, ескі фотосуреттерге қызығушылық танытқандар көп. Оқ-дәрілер, темір
каска мен қойын дәптерлер де көпшілікті бей-жай қалдырмады.
Мұражай алғаш рет
1985 жылы 9 мамырда ашылған. Өткен жылы күрделі жөндеуге жабылған еді. Мұражай
өзінің 30 жылдық тарихында түрлі іздестіру жұмыстарын жүргізді. Хабар-ошарсыз
кеткен талай майдангер жайлы құнды ақпарат табылды.
Людмила Асеева, мұражай
қызметкері:
Соғыста із-түссіз кеткен
азаматтардың тағдырын анықтау мақсатында, іздестіру шаралары әлі де жалғасып
жатыр. Қазір қолымызда тағы 12 іздестіру-дерегі тұр. Көрменің басты мақсаты да
осыған саяды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинау, тарихи
шындықты ашу.