Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда күші 4-5 балдық жер сілкінісі тіркелді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1520

Жер асты дүмпуі жексенбі күні кешкі сағат 20:01 де сезілген. Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 28 шақырым жердегі Қырғызстанмен шекара маңында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 6 баллдан асты.Тереңдігі 15 шақырым. Алматыда зілзаланың 4-5 балдық әсері сезілді.

Оқыс оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб іске қосылған. Құзырлы органның бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызмет қирауы мүмкін тұрғын үйлер мен маңызды әлеуметтік-өндірістік нысандарды тексерді.

Берік ХАСЕНОВ