Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыға келген ресейлік азаматтан Эбола белгілері табылмады

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1157

Алматы әуежайынан ауруханаға жеткізілген азаматтың эбола жұқтырғаны жайлы ақпарат расталмады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы органның мәліметінше жолаушыдан Эбола безгегінің белгілері табылмаған.

Қазақстандық мамандар вирусологиялық зерттеулер жасап, оған өткір респираторлық вирус жұқтырды деген диагноз қойды. Еске салайық, жексенбіде Алматы әуежайындағы санитарлық-карантин пункт мамандары Гвинея - Стамбұл - Алматы бағыты бойынша ұшып келген № 350 рейс жолаушыларын тексерді.

Артынша Эбола безгегін жұқтырды деген күдікпен жолаушылардың арасында болған ер адамды ауруханаға алып кетті. Ал, ұшақ санитарлық тұраққа жөнелтіліп, бортта болған 126 жолаушы қатаң бақылауға алынған.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген адамның Ресей азаматы екені және Қостанай облысы Лисаковск қаласында тұратыны анықталды.

Берік ХАСЕНОВ