Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауына қатысуға үміттілер арасынан бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде тіркелді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 957

Ал Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік сайлауға қатысуға үміттілер арасынан бірінші болып кандидат ретінде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының отырысында осындай қаулы қабылданды.

Осы қаулы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеліп, кандидат куәлігі берілді.

Айта кетейік, еліміз бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаушылардың 560 мыңнан астам қолы жиналған. Бұл туралы сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА