Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында апат болған АН-2 әуе кемесінің бөлшектерін тексеру жұмыстары аяқталып қалды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1129

Жамбыл облысы аумағында апатқа ұшырағанн АН-2 әуе кемесінің бөлшектерін тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратта айтылған.

«Қазіргі таңда Алматы қаласында ұшақ қозғалтқышының, фюзеляж және аспаптар бөлшектерін тексеру жұмыстары аяқталды. Экипаждың дайындығы, әуе кемесінің жай-күйі, техникалық қызмет көрсетілуі, метеорологиялық жағдай және тағы басқа материалдарды жинау және зерттеу жөніндегі жұмыстар жалғасуда»
, - делінген ақпарда.

Бүгінде негізгі комиссияға қосымша - ұшу, инженерлік-техникалық және әкімшілік салалық кіші комиссиялары құрылған. Сондай-ақ, прокуратура мен Ішкі істер министрлігі органдары бірлесе отырып, сот-медициналық және техникалық сараптама жұмыстарын жүргізуде. Тексеріске Мәскеу қаласының Мемлекетаралық авиациялық комитеті ғылыми-техникалық орталығының мамандары да қатысуда. Оқиғаның жай-жапсары зерттеу нәтижелері шықаннан кейін жарияланбақ.

Еске салайық, «OLIMР AIR» әуе компаниясының АН-2 әуе кемесі үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысындағы Шатыркөл өңірінде құлаған болатын.

Жұрағат БАМАН