Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕАЭО елдері басшылары Астанада 20 наурызда кездеседі

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1120

Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері 20 наурызда Астанада кездеседі. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Алдағы кездесуде мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, президенттердің әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылауы жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін үш жақты кездесу 13 наурызға белгіленген болатын. Алайда кездесу кейінге шегерілетіні туралы ресми ақпарат тарады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ