Русский Сайттың толық нұсқасы

Қыркүйек фьючерстері саудасында КАSЕ доллар бағамын 193 теңге 56 тиынға теңестірді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1100

Қазақстан қор биржасы қыркүйек фьючерстері саудасында  доллар бағамын 193 теңге 56 тиынға теңестірді. Бүгінгі күннен бастап биржада АҚШ долларының теңге бағамымен есеп айырысу фьючерсінің сауда-саттығы ашылды.

Қор биржасының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сүйенсек, алдын-ала саудада бір доллардың бастапқы теориялық бағамы 193 теңге 56 тиынды құрады.

Еске салсақ, бұған дейін 2015 жылдың наурызында орындалатын фьючерс 187 теңге 71 тиынды құраған еді.  

Асан ҚАЛИАХМЕТ