Русский Сайттың толық нұсқасы

Италия билігі ЭКСПО-2015 көрмесінде қауіпсіздікті күшейтпек

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1145

Миланда өтетін халықаралық көрме кезінде қонақтарды сарбаздар, саперлар мен арнайы қызмет өкілдері күзетеді. Италия билігі ЭКСПО-2015 көрмесі кезінде қауіпсіздік жүйесін мықтап қолға алмақ.

«Бұл жұмысқа 5 мың адам жұмылдырылады», - деп жазады Corriere della Sera басылымы. Олардың ішінде телекоммуникация саласының мамандары да бар. Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік жоспарын орындауға 90 миллион еуро бөлінген. Қонақтардың барлығы көрме аумағына металл бұйымдарды тексергіш арқылы өтеді. Ал көліктер жарылғыш заттарға тексерілмек. «Ең қауіпті мерзім түнгі он бір мен бірдің аралығында болуы мүмкін», - дейді ұйымдастырушылар. Ол кезде тауар тиелген жүк көліктері көрме аумағына кіреді.

Басылымда, ЭКСПО аумағына күніне 256 тонна азық-түлік жеткізіліп, 37 тонна қоқыс қалдықтары шығарылады, деп жазылған. Мақала авторы: «Арнайы жоспарда ислам жихадистерінен төнетін қауіп қарастырылмаған, оған кейін тоқталуы мүмкін», - дейді. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ