Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда кәсіпорын қызметкерлері саяси науқанға бір ауыздан қатыспақ

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 993

Атырауда зауыт жұмысшылары 26 сәуірде өтетін басты саяси оқиғада азаматтық позицияларын көрсетуге дайын. Бүгін аймақта бастауыш партия ұйымдарымен өткен жиналыста «АтырауМұнайМаш» ЖШС қызметкерлері алдағы сайлауға 100 пайыз қатысатындарын жеткізді. Мұнай-газ саласына қажетті қондырғылар шығаратын «АтырауМұнайМаш» ЖШС қызметкерлері тайлы-таяғымен  президент сайлауында дауыс бермек.

Әлемдегі қаржы дағдарысы өндіріс ошақтары қарқынын бәсеңдеткеніне қарамастан, ғасырға жуық тарихы бар іргелі кәсіпорынның қызметіне әсер ете қоймады. Керісінше, жыл аяғына дейін қос ірі  жоба іске қосылып, нәтижесінде 100 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Үлкен ұжым жұмысшыларының әрқайсысы мемлекет басшысын таңдауда өз дауысының маңызды екенін сезінеді.

Дәл осындай жиын бүгін Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы кәсіпорындарда да өтті.

Александр Домсков, «АтырауМұнайМаш» ЖШС бас директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Зауыт ұжымы - отбасы тәрізді. Сондықтан біз ұжымда не болып жатқанынан үнемі хабардар болып отырамыз.  Зауыт өзінің  98 жылдық тарихында еліміздегі барлық саяси науқандарға белсене араласып келеді. Сондықтан мен өз ұжымыма сенемін. Және жақында өтетін президент сайлауына  белсенді қатысатынына сенімдімін.   

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ