Ауа райының нашарлауына
байланысты Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында бірқатар
жолдар жабылды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайдар комитеті
хабарлайды,- деп жазады Қазақпарат.
Көктайғақтың салдарынан, Қарағанды облысы
арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбург» күре жолының бірнеше шақырымды құрайтын
учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.
Осыған ұқсас
жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алған. Бұрқасын болуына және жолдың
нашар көрінуіне байланысты «Семей-Большая Владимировка-Сосновка-Қоянбай» жолы
көліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА