Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Тұрғын Сыздықовты кандидат ретінде тіркеді

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2015
  • 705

Жаңа белгілі болғандай, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Тұрғын Сыздықовты кандидат ретінде тіркеді. Қазақстанның Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов 98 мың 384 қолдаушының қолын жинады деп мәлімдеді  Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Президенттікке кандидат алда үлкен жұмыс күтіп тұрғандығын айтады. Үміткер сайлау кезінде кем дегенде өткен президенттік науқан кезіндегі Коммунистік партия өкілі жинаған халық сеніміне ие болуға үмітті.

Тұрғын Сыздықов, ҚР президенттігіне кандидат:

Елге шығып қызмет істеуіміз керек. Өз ойларымызды, пікірлерімізді, бағдарламамызды халыққа жеткізуіміз керек. Сол қызметті істеуге дайынбыз. Мына сайлаудың нәтижесі қандай болса да демократия ұтады деп сенім білдіремін. Біздің азаматтық қоғам таңдаған жолымыз бұдан да дамиды деп сенім білдіреміз.

Еске салайық, бұған дейін бірінші болып кандидат куәлігі іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген болатын. «Нұр Отан» партиясы атынан түскен үміткер 560 мыңнан астам қолдаушылардың қолын жинаған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ