Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысындағы еңбек ұжымы сайлауды қолдайды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2015
  • 1155

Қостанай облысындағы «Жас Қанат-2006» серіктестігінің жүзге жуық жұмысшысы сәуірде өтетін президент сайлауын бір ауыздан қолдайды. Бүгін Рудный қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері аталған еңбек ұжымында жиын өткізді. 

«Жас Қанат-2006» құс фабрикасында жүзден астам адам жұмыспен қамтылған. Іргелі ұжым қабырғасында билік партиясының тобы жұмыс істейді. Оның құрамында 20 партия белсендісі бар. Басқосуға жиналғандар биылғы сайлауды қолдайтындарын және өз таңдауларын жасауда белсенділік танытатындарын жеткізді. Партия өкілдері болса, Астанада өткен ХVI съезде Елбасының белгілеп берген бес бағыты туралы баяндап берді. 

Самат Байғожин, «Нұр Отан» партиясы Рудный қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Мен ХVI съезд делегаты ретінде қандай мәселелер көтерілгенін айтып жеткіздім. Елбасының көтерген бес реформалық мәселелерін қозғап өткен. Осында жиылғандардың барлығы жүз пайыз 26 сәуірде сайлауға келеміз деп уәде берді.

Заңғар САНАЙ