Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда банктік салымдар бойынша көш басында тұрған аймақтар анықталды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2015
  • 1310

Қазақстанда банктік салымдар бойынша көш басында тұрған аймақтар анықталды. Тізімнің басында Алматы мен Астана тұр. Еліміздегі ең алып шаһарда банктік депозиттер кісі басына шаққанда 1,3 миллион теңгеден келеді. Ал Астанада бұл сан 541 мың теңгеден асады. Мұндай мәліметті Bankir.ru порталы таратты.

Аймақтар арасында банктік салымдар бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Мұнда қаржылай салым әр адамға шаққанда 167 мың теңгеден келеді. Павлодар облысында - 159 мың, ал Атырау облысында 156 мың теңгеден сәл астам. Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттері 2014 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың басына дейін 391 миллиард теңгеге өскен. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА