Русский Сайттың толық нұсқасы

Нетаньяху Парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 761

Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху өзі басқаратын «Ликуд» партиясының парламент сайлауында жеңіске жеткенін жариялады. Бұл туралы Израиль ақпарат құралдары жазады.

«Қиындықтарға қарамастан, «Ликуд» үшін үлкен жеңіске жеттік». Жақтастары алдында сөз алған Нетаньяху осылай деді.

Алайда оппозициялық «Сионистік лагерь» партиясы жеңілісін мойындамады. Олар Нетаньяхудың ерте масаттанып қуанғанын айтуда. Өйткені соңғы есеп әлі жасалмаған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ