Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Ауғанстаннан әскерилерін шығаруға асығар емес

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 784

Америка Ауғанстаннан өз әскерилерін шығаруға асығар емес. Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап, CNN хабарлайды. Жасақтарды шығарып, әскери базаларды жабу ісін баяу жүргізуді ел Президенті Ашраф Ғани сұраған көрінеді.

АҚШ бұл өтінішті қарап жатыр. Ақпарат құралының хабарлауынша, Обама мен Ғани ауған жеріндегі қауіпсіздікті жиі талқылайды. Бүгін Ауғанстанда 10 мыңға жуық американдық сарбаз бар.

Жоспарға сай жыл соңына дейін олардың саны 5 мың шамасында болады. Ал 2016 жылға қарай әскерилер ауған жерінен толық шығарылмақ.

Дегенмен, қазір американ әскерилері бұл жоспарға қарсы. Олардың ойынша, әскерді біртіндеп шығару керек. Жақын күндері қос ел бір келісімге келеді деп күтілуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ