Бұдан былай сайлау барысында
бір елді мекен шеңберінде сайлау округын немесе сайлау учаскісін ауыстыруға
мүмкіндік болмайды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бір аумақ шекарасында
есептен шығару куәлігін беруге шектеу қойды. Тиісті қаулымен Орталық сайлау
комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов
таныстырды. Айтуынша, бұл тек барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға
қатысты. Аталмыш жаңашылдықтың мәжіліс сайлауына қатысы жоқ. Еске салайық,
есептен шығару куәліктері 4 наурыздан 19 наурызға дейін беріледі.
Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау
комиссиясының хатшысы:
ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуіріндегі
қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша
7 тармақ алынып тасталынсын. 8-ші тармақ мынадай редакцияда жазылсын. Есептен
шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау
учаскісінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Сондай-ақ, Орталық сайлау
комиссиясы кезекті отырыс барысында Мәслихат депутаттарын сайлау үшін
бюллетеньдерді әзірлейтін нақты баспаханаларды анықтау жөнінде қаулы
қабылдады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА