Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжілісмен: «Автожолдар құрылысы аяқталған соң тауарлар арзандауы мүмкін»

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 962

Ел аумағынан өтетін ірі автожолдардың құрылысы аяқталса, тауарлар арзандауы мүмкін. Депутаттардың пікірі осындай. Олар жалпы ішкі өнімді ұлғайтуға мүмкіндік болады, жол-көлік саласынан 16-20 пайыз табыс түседі деп болжап отыр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбай Нұрғисаев мәлімдеді. Алдағы уақытта Қазақстанда 7 жарым мың шақырым автожол салынады және қалыпқа келтіріледі деген жоспар бар.

Бюджеттен бөлінетін 7 трлн теңгенің 2,4 триллионы көлік саласына бағытталған. Бұл өте қомақты қаржы,- дейді депутат. Сондай-ақ, жол құрылысына қажетті шығындардың уақыт өте келе көбеймесе азаймайтынын да атап өтті.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жол құрылысының шығыны қымбаттайды деп қорқуға болмайды. Өйткені, түпкі нәтижеде бұдан бюджетке еселеніп қаражат қайтады. Экономиканың дамуына да септігін тигізеді. Егер, әлемдік тәжірибеге қарасақ, осындай күрежолдар қолданысқа енгеннен соң, ол бірден тауарлар бағасының арзандауына әсер етеді. Яғни, автокөлік жолдарының сапасы артқан сайын, тауарлар қозғалысы да үдейді, тасымал артады, экономикада ілгерілеу болады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА